АҚСУ-АЮЛЫ — ауыл. Қарағанды обл-ндағы Шет ауд-ның орталығы. Ол Шерубай- нұра өз-нің сол саласы Ақсудың сағасында, Аюлы тауының шығыс жақ етегінде, Қарағандыдан оңт.-шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Қарағанды — Шу т.ж.-ның бойындағы — Жарық (90 км жерде). А-А-ның іргесі 1931 ж. қаланған. Тұрғыны 5,3 мың адам (1997). Ауылда жөндеу-мех. з-ты, тұрмыстық комбинат, баспахана, кәсіптік-тех. уч-ще, 2 орта мектеп, музыка мектебі, мәдениет үйі, клуб, аурухана, сан.-эпидемиол. ст., стадион, “Жас ұлан” спорт қоғамы бар. Аудандық “Арқа еңбеккері” газеті шығады. А.-А. арқылы Қарағанды — Балқаш — Алматы автомоб. жолы өтеді. Тұрғындар өзге елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.