АҚСУАТ — мыс дәуірінін қонысы және қола дәуірінің бекініс орны. Қостанай обл- дағы Ақсуат к. жағасында, Ақсуат қыстағына жақын жерде орналасқан. 1945 ж. Мәскеу мемл. ун-тінін зоол. экспедициясы зерттеген. Мыс дәуірінен сақталған қоныс орнынан тастан жасалған жалпақ пышақ тәрізді заттар, найзаның ұштары, көптеген қырғыш, түйреуіш, сына, шақпақ тас, ою-өрнекпен безендірілген ыдыс-аяқтың қалдыктары, саз балшықтан жасалған басқа да заттар, қоладан жасалған заттардың сынықтары табылған. Бұлар б.з.б. 3 — 2- мыңжылдықтарға жатады. Қола дәуірінің бекініс орындарынан әр түрлі әшекейлер, қапсырмалар, жүзіктер, мыс ерітіндісінің калдықтары, саз балшықтан жасалған ыдыстардың сынықтары табылды.