АҚСУАТ

АҚСУАТ — ауыл. Шығыс Қазақстан обл-ндағы Тарбағатай ауд-ның орталығы. Облыс орталығы — Өскемен қ-нан оңт-ке қарай 350 км жерде, Зайсан қазан шұңқырының оңт.-батысында, Қарабұға өз-нің сол жағалауындағы шөлейтті белдемде орналасқан. Ауылға ең жақын т.ж. стансасы — Жаңғызтөбе (295 км жерде). Тұрғыны 7,0 мың адам (1997). Іргесі 1929 ж. ұжымдастыру кезінде қаланған. 1963 — 95 ж. Ақсуат кеңшарының орталығы болған. 1995 ж. шаруа қожалықтары құрылған. А-та баспахана, орта мектептер, аурухана, өлкетану мұражайы, аудандық мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. А. арқылы Аягөз — Көкпекті — Георгиевка — Жаңғызтөбе автомоб. жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *