АҚСОРАҢ — Сарыарқадағы Қызыларай тауының ең биік шыңы. Абс. биікт. 1565 м. Қарағанды обл. Ақтоғай ауд— ның шығысында, Қызыларай тауының орта тұсында күмбездене көтеріліп тұрады. Беткейлері тік, жақпартасты келеді, қатты тілімделген. Пермь граниттерінен тұрады. Шың беткейлерінде сирек қарағай, арша, тобылғы, қараған бұталары, етегі ман сайларында қайың, терек, тал, т.б. өседі.