АҚСЕҢГІР ҚОЙЫ — 1960 — 92 ж. аралығында Алматы обл- да қазақтың биязы жүнді саулықтарын ағылшынның линкольн, ромни-марш және бордерлейстер қошқарларымен күрделі зауыттық будандастыру арқылы шығарылған қой тұқымы. 1992 ж. рәсімделген. А. қ-ның дене бітімі ірі, етті.
Қошқарларының тірілей салм. 108 — 112 кг, таза жүн түсімі 4,7 — 5,5 кг, қылшығының ұзынд. 13 — 14 см. Саулықтардың өнімдік көрсеткіштері тиісінше 55 — 60 кг; 2,5 — 2,7 кг; 11 — 13 см. Әр 100 саулықтан 120 — 130-дан қозы алынады. Асылдандыру жұмысы аталық із бойынша өсіру және жаңа зауыттық аталық іздер құру арқылы жүзеге асырылады. А. қ-ның тандаулы отарлары “Ақсеңгір” тәжірибе шаруашылығында бағылады. А. қ., негізінен, Алматы обл. Жамбыл ауд-ның шаруашылықтарында өсіріледі.