АҚСЕЙІТ ТӨБЕ

АҚСЕЙІТ ТӨБЕ — көне қала орны. Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Арыс өз-нің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. Қаланы 1970 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген. Сыртқы көрінісі солт-тен оңт-ке қарай созылып жатқан (ұз. 90 м, көлденеңі 40 м, биікт. 5,5 м) жұмыртқа тәрізді шоқы. Төбесінде аумағы 18 м келетін орт. қорғанның сұлбасы сақталған. Қазба жұмысы жүргізілмеген. Жинастырылған көзе сынықтары А. т. тұрғындарының б.з. 4-6 ғ-нда өмір сүргенін көрсетеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *