АҚПА ЖҰЛДЫЗДАР, м етеорлар — ғарыштық денелер бөлшектерінен (метеор денелерден) аспанда байқалатын жарық құбылысы. А. ж. өте үлкен жылдамдықпен (1370 км/с) атмосфераға еніп, Жерге жетпей шашырап кетеді. Жарығы мен түсі оның метеорлық бөлшектерінің көлемі мен массасына, сондай-ақ А. ж-дың Жерге қатысты салыстырмалы жылдамдығына байланысты болады. А. ж. Жер бетінен 50 — 130 км биіктікте байқалады және оның жарқылы 3 — 5 с-та өтеді. Жылына 75 млн. А. ж. байқалады. Хим. және спектрлік талдау нәтижесінде А. ж. метеориттерінен ғылымға белгілі хим. элементтердің барлығы дерлік табылған.