АҚПАРАТ БИЛІГІ — ақпарат құралдарының қоғамда атқаратын рөлі. Ақпарат құралдары хабарларды халық арасына таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар жүргізуге және т.с.с. мүмкіндік береді. Солардың арқасында қоғамда тұрақтылық, ынтымақтастық ахуал орнығады немесе тұрақсыз жағдай қалыптасады. Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетін ықпалын ескере келе, әдетте, оны заң шығарушы, атқарушы, сот билігімен қатар қойып, “төртінші өкім е т ” деп те атайды. КСРО кезінде ақпарат құралдары тікелей мемл-тің бақылауында болды. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін шын мәнінде сөз бостандығы беріліп, демокр. жүйе қалыптасып, ақпарат құралдарын бұрынғыдай қатаң бақылау үрдістен шығып қалды.