АҚПАН

АҚПАН (1705, Оңт. Қазақстан, Қазығұрт өңірі — ө.ж.б.) — батыр. Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Қойгелді батырлардың үзеңгілесі. Алакөл қырғынын басынан кешірген. Сарысу өз. бойында 4 мың қолды бастап, қалмақтарға соққы берген. Оның есімі Аңырақай иіайқасында бүкіл қазаққа мәшһүр болды. Батырдың қанды күрес жолының куәсі ретінде Арыс пен Шымкент аралығында “Ақпан бекеті”, Ташкент маңында “Ақпан арық” сияқты жер аттары тарихта қалған. Кейін қоқан басқыншыларымен шайқасқа түсті, ал қазақ-қырғыз арасы шиеленісіп, соңы соғысқа ұласқанда қырғыз бауырларымен соғысудан бас тартқан. 1992 ж. қыркүйекте Шымкентте “Ақпан батыр” қайырымдылық қоғамы құрылды. 1995 ж. Қазығұрт ауд. Рабат а-нда А. батырға ескерткіш қойылды (авторлары А. Тұрсынұлы, Т. Смайылұлы). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *