АҚОБА — Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Аудан орталығынан шығысқа қарай 50 км-дей жерде, далалық, белдем- де орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Жәнібек (52 км жерде). Тұрғыны 1,2 мың адам (1997). Бұрынғы кеңшар негізінде ұйымдасқан “Ақоба” өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Орта, бастауыш мектептер, емхана, кітапхана бар. Тұрғындары елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.