АҚМОЛДА Байзақұлы

АҚМОЛДА Байзақұлы (1824 — 73) — батыр, би. Әулиеата (Тараз) өңірі қазақтарының  Қоқан хандығына қарсы азаттық көтерілісі басшыларының бірі. Ұлы жүз дулат тайпасының шымыр руынан. Атасы Мәмбет батыр Абылай ханмен дос болған. Әкесі Байзақ датқа Кенесарыны қолдаған. Өзі бас батыр атанған. Әкесі екеуі де Қоқан езгісіне қарсы ауық- ауық көтеріліс ұйымдастырып отырған. 1858 ж. Ташкент бегі Мырзахмед басқарған алым- салық жинаушыларға қарсы қазақтар мен қырғыздардың көтерілісінен кейін (1864 ж.)75 жастағы Байзақ датқа тұтқынға алынады, А. өзіне қарасты елді Шымкент маңына көшіріп кел деген парманашы Нұрмұхамедтің талабын орындаудан бас тартқан. Верныйға келіп полк. Черняевпен байланыс жасайды. 1864 ж. маусымда өз сарбаздарымен Әулиеатадағы орыс армиясына қосылып, Шымкентті қоқандықтардан азат ету соғысына қатысты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *