АҚМОЛА

“АҚМОЛА” — Ақмола облысына арналған энциклопедиялық басылым. “Қазақэнциклопедиясының” Бас редакциясы әзірлеген. 1995 ж. “Атамұра” баспасынан орыс тілінде жарық көрді. Республика Президенті Н. Назарбаевтың алғы сөзімен ашылады. Көлемі — 43,6 б.т., таралымы — 100 мың дана. Басылым түрлі түсті суреттермен, деректі құжаттармен безендірілген. Кітап шартты түрде үш бөлімнен құрастырылған. Оның алғашқы бөлімі облыс табиғаты мен табиғи ресурстары, халқы, экон— сыархит-сы, білім беру ісі, ғыл. және ғылыми мекемелері, денсаулық сақтау ісі, физкультура және спорт, әдебиеті мен өнері, шетелдермен экон. және мәдени байланыстары туралы жан-жақты мағлұматтар береді. Екінші бөлімге Ақмола қ. мен облыс құрамына енетін барлық аудандар бойынша өнеркәсіп пен а.ш. мекемелері, ауылдар мен кенттер, жоғары және арнаулы білім беретін оқу орындары туралы материалдар топтастырылған. Ал соңғы бөлім алфавиттік есімнамаға арналған. Мұнда Абылай ханнан бастап Ақмола топырағында бұрын-соңды өмір сүріп, қызмет атқарған көрнекті мемл. қайраткерлері, батыр-билер, ақын-жазушылар, әнші-композиторлар, ғалымдар мен өнер адамдары, 2-дүн. жүз. соғыс қаһармандары мен еңбек ерлерінің өмірімен таныстырады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *