АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ — 1868 ж. 21 қазанда Ресей империясының Дала генерал-губернаторлығы құрамында ұйымдастырылған әкімшілік бөлік. Орталығы Омбы қ. болды. Облыс терр. «492455 шаршы шақырым, тұрғындарының саны 1887 ж. — 375370, 1897 ж,-682608,1911 ж. — 1443728 адам болды. Оның ішінде Ақмола уезінде — 185058, Атбасар уезінде — 87413, Петропавлда шамамен 25000, Ақмолада — 10000, Көкшетауда — 2500, Атбасарда — 2000-ге жуық адам тұрды. Облыс құрамына 5 уез (Ақмола, Омбы, Петропавл (Қызылжар), Көкшетау, Сарысу (1878 жылдан бастап Атбасар аталды) енді. Негізгі тұрғындары — қазақтар (570 238 адам) болды. Тұрғындардың бір бөлігі мал ш-мен, енді бір бөлігі егіншілікпен айналысты. Келімсектердің жалпы саны 1896 — 1914 ж. 1118700-ге жетті. 1916жылға қарай облыс тұрғындарының арасындағы орыстардың саны 1 млн-ға жетті. Облыста жылқы, ірі қара, қой, шошқа өсірілді. Ресейге алғашқы өңдеуден кейін тері, мата, май жөнелтілді, ал ол жақтан — металл бұйымдары, мануфактура, т.б.  әкелінді. Облыста тау кен өнеркәсібі, Спасск мы қорыту зауыты, Успенск, Надеждинск, Покров кендері, Қарағанды көмір кені, сауда, банк ісі дамыды. Алайда облыс экономикасында өндіргіш күштердің даму қарқыны баяу жүрді. Облыста Атбасар ( Знаменский), Көкшетау (Покров), Александровск (Арық-Балық стансасы), сондай-ақ әрқайсысының айналымы 7 млн. сом құрайтын Тайшынкөл (Петропавл уезі), Константин (Ақмола уезі), Петропавл (Атбасар уезі) ірі жәрмеңкелері болды. 1917 жылға қарай облыста 100-ге жуық жәрмеңке, 500-ге тарта сауда орындары жұмыс істеді. 1913 ж. қалаларда, болыстарда, ауылдарда кредит мекемелері ашылды. Кеңес өкіметі билігінің алғашқы кезеңінде А. о-ның әкімш. құрылымы өзгеріп, облыс Ақмола губ. атала бастады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *