АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ, М. Горький атынд(1959) — мәдени қызмет көрсететін кәсіби мекеме. Театр тарихы 19 ғ-дың 70-жылдарында “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” жыры мен “Ағаш ат” ертегісін сахнаға шығарудан басталады. 1914 ж. қалада татар группасы жұмыс істей бастады. Сол жылдары “Иван Сусанин”, “Сметананың хаты”, т.б. қойылымдар жұрт назарын аударды. 1917 — 19 ж. аралығындағы қоғамдық өзгерістерге байланысты жұмысын тоқтатқан. 1919 ж. арнайы шешіммен театр жұмысы қайтадан жанданып, А. Островский, В. Маяковский, В. Шкварюш пьесалары, украин ұлттық комедиялары қойыла бастады. 20 ғ-дың 30-жылдары театр группасы осы аймаққа жер аударылып келген орыс актерлерімен, 40-жылдары Украинадан көшірілген Ворошиловград театрының артистерімен толықты. Бұл кезенде А. Арбузов, М. Горький, К. Гоцци, И. Друцэ, А. Корнейчук, К. Симонов, А. Сафронов, В. Шекспир шығармалары қойылды. 1943 — 55 ж. театр жанында қазақ бөлімі жұмыс істеді. 1966 ж. театрға И. Сермягин бас режиссер болып келіп, сахнаға М. Булгаков, С. Гольдони, П. Кальдерон және қазақ драматургиясы туындылары сахнаға шығарылды. 1968 ж. С. Мұқановтың “Сәкен Сейфуллин” (реж. Сермягин) спектаклі республик. фестивальда 1- орын, М. Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша қойылған “Шындық іздеп шарқ ұрып” (реж. Ә. Мәмбетов) диплом (1996, ҚР еңб. сің. арт. К. Переверзов жас Абай рөлін үздік орындағаны үшін диплом алды), Әуезовтің 100 жылдығына арналған фестивальда (1997) М. Әуезовтің “Хан Кене” спект. 1-орын алды. Театрда ҚР-ның халық арт. В. Архипенков, ҚР еңб. сің. арт. К. Переверзов, Н. Касенко сияқты өнер шеберлері жұмыс істейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *