АҚМЕШІТ ӘУЛИЕ

АҚМЕШІТ ӘУЛИЕ — ескі қамалдың орны, қасиетті жер. Қарағанды обл. Ұлытау тауының биік шоқысында орналасқан. 1946 ж. акад. Ә.Х. Марғұлан зерттеген. Тік төртбұрышты жобамен салынған, көлемі 42×42 м. Іргесінің қалыңд. 30 — 40 см, граниттен қаланған. Жанында тас обалар бар. Алғашқы кезде табынатын орын болған. Кейінірек төңірегіне атақты адамдарды жерлей бастаған. Зерттеулер А. ә. көшпелі халық мекенінің орны екенін дәлелдеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *