АҚМЕШІТ — көне бекініс орны. Қазіргі Қызылорда қ- ның орнында болған. Бекініс 1817 ж. салынған. А.И. Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша А. бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекініс жобасы шаршы, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биікт. 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекініс сыртынан ені 10 м ор қазылған. Ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2-қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50 — ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Бекініс орыс әскерлері келген кезден “Перовск форты” болып аталған (К. Ақмешіттің ойрандалуы). Қазан көтерілісінен кейін А. аты қайта берілді. Сырдария обл-ның уездік орталығына айналды. 1925 ж. оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды. — көне бекініс орны. Қазіргі Қызылорда қ- ның орнында болған. Бекініс 1817 ж. салынған. А.И. Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша А. бекінісін Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекініс жобасы шаршы, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биікт. 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекініс сыртынан ені 10 м ор қазылған. Ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2-қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50 — ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Бекініс орыс әскерлері келген кезден “Перовск форты” болып аталған (К. Ақмешіттің ойрандалуы). Қазан көтерілісінен кейін А. аты қайта берілді. Сырдария обл-ның уездік орталығына айналды. 1925 ж. оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды.