АҚМАМЫҚ 

АҚМАМЫҚ (Риссіnellа) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 15 түрі бар. Олар сортаңды шалғындарда, өзен, арық бойларында, құмды жерлерде, тау бөктерлерінде және оның биік қыраттарында өседі. А-тың негізгі түрлерінің бірі — ұзынсабақ А. (Р.macropusэндемик өсімдік болып саналады. Балқаш — Алакөл алабында. Шу — Іле тауларында ғана кездеседі. Биікт. 40 — 60 см, сабағы тік болады. Жіңішке жапырағы төменгі жағынан топтанып, сояуланып шығып тұрады. Сыпыртқы масақшалары қысыңқы, сары түсті келеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. А-тың көп тараған түрі — ү л к е н А. (P.giganthea), негізінен, Оңт. Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы обл-тарының сортаңды шалғындарында көп кездеседі. Биікт. 1 м-ге жуық, сабағы жіңішке болады. Сыпыртқы масақшалары 2 — 8 гүлді қоңыр түсті, қатарланып орналасады. Маусым — шілде айларында гүлдейді. Жемісі — дәнек. Үлкен А. қолдан егуге ыңғайлы шабындық шөптің бірі. Оның 1 га-сынан 8 — 15 ц пішен орылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *