АҚКӨЛ — төменгі палеолит дәуіріндегі адамдар тұрағы. Тараз қ-нан солт.-батысқа қарай 170 км жерде орналасқан. Алғаш 1961 ж. археолог Х.А. Алпысбаев тапқан. 200 м2 келетін аумақтан тас құралдар жиналды. Олардың көпшілігі өте көне пішінде және қатты бүлінген. Осы жерден: екі жағы өңделген шапқылар, унифастар, балта, пышақ, шақпақ тас, т.б. табылды. А. қонысы тас дәуірінің Ашель мәдениетіне жатады.