АҚКӨЛ

АҚКӨЛ — Жамбыл обл. Талас ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы (1997). Тараз қ-ның солт.-шығысында 80 км жерде, Аса өз- нің Ақкөл к-нен шыққан тұсында орналасқан. Іргесі 1934 ж. егіндік жерді суғару үшін канал салуға байланысты қаланған. А. 1934 — 1997 ж. алғаш ұжымшар, кейін кеңшар және Талас ауд-ның орталығы болған. Тұрғыны 4 мың адам (1998). Ең жақын т.ж. стансасы — Қаратау (45 км жерде). А-де бұрынғы кеңшардың негізінде акцион. қоғам, кооп. шаруашылықтар мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Баспахана, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, тері қабылдау пункті, аурухана, емхана, мал емдеу пункті, мәдениет үйі, 2 орта мектеп, т.б. мекемелер бар. А. арқылы Тараз — Саудакент автомоб. жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *