АҚКӨЛ — қала. Ақмола обл- ндағы Ақкөл ауд-ның орталығы, т. ж. ст. 1997 жылға дейін Алексеевка деп аталған. Астана қ-нан солт-ке қарай 107 км жерде, көл жағалауында орналасқан. Іргесі 1887 ж. қаланған. 1939 ж. кент, 1965 ж. қалаға айналған. Тұрғыны 17,4 мың адам (1997). Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа темп-расы —17°С, шілдеде 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 350 мм. А-де құрылыс материалдары комбинаты, жөндеу-мех., қиыршықтас, тұрмыстық химия, нан, сүт з-ттары, элеватор, Астана ет комбинатының бөлімшесі жұмыс істейді. Аудандық орт. аурухана, тубдиспансер, 4 мектеп, балалар мен жасөспірімдердің шығарм. үйі, мек- тепаралық оқу-өндіріс комбинаты, 14 мектепке дейінгі балалар мекемесі, облыстық ба- лалар үйі, мектеп-интернат, санаторий, кәсіптік-тех. уч- ще, 2 мәдениет үйі, 12 кітапхана, кинотеатр бар. А. арқылы Петропавл — Астана т. ж. және автомоб. жолдары өтеді.