АҚКӨЛ

АҚКӨЛ — көл. Ол Жамбыл обл. Талас ауд-ның орталығы — Ақкөл селосының оңт.-батысында 2,8 км жерде орналасқан. Орташа тереңд. 3 м, ең терең жері 5 м-ге жуық. Көлге 1932 — 34 ж. тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету және а. ш-н суландыру мақсатында бөген салынған. Осының нәтижесінде су аум. едәуір ұлғайып, 52 км2— ге жетті. Көлдің солт.-батыс және солт. жағалауы жарлы, шығыс жағалауы жазық әрі тастақты келеді. Көлге Аса өз. құйып, ағып шығады. Желтоқсанның аяғында мұз қатып, наурыздың аяғында ериді. Көлден сазан, тыран, алабұға ауланады. Көл жағалауы көпшіліктің демалыс орны. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *