АҚИҚАТ

АҚИҚАТ — таным теориясының негізгі категориясы, адам түсінігінің өмір шындығымен сәйкестілігі. А. — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл, тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында ұғынуы. А. категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті А. — білімнің адамға да, адамзатқа да тәу- елсіз мазмұны. А. — с а л ы с тырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік А. — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы А. пен абсолюттік А диалектик. байланыста. Салыстырмалы А-та аб- солюттік А-тың ұшқыны бар, ал абсолюттік А. салыстырмалы А-тың жиынтығы (қ. Абсо- лютті және салыстырмалы акиқат) негізінде құралады. Таным процесінде А-қа жету өте қиын іс. Ежелгі грек филос-ның өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит А-ты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың А-тығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — А-тың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің А-тығын дәлелдейді. А-ты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мыс., Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында А. — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады. А. дінде құдаймен (хақтағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де арабша “хәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет; құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“хәқиқат”). Иасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана- сезіммен танылатын Иасауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша, адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана, хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Иасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал- әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — хақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут- насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Иасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да А-ты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды. 

А-ты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. А. тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы А-қа жетудің мәнін де жақсы ашып береді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *