АҚЖЕЛЕҢ

АҚЖЕЛЕҢ — домбыра күйлерінде қалыптасқан музыкалық жанр. Қазақстанның ба- тыс өңірінде әрбір орындаушы өзін күйшілік санатқа кіргізу үшін алпыс екі А-ді түгел тарту шарт болған. Бұл өзіндік орындаушылык мектеп сияқты. Сондықтан ел арасында “Алпыс екі Ақжелең”, “Алпыс екі салалы Ақжелең” немесе “Алпыс екі тамырлы Ақжелең” дейді. Алпыс екі А-ді Қаратас, Аймағамбет, Үсен төре, Айжарық, Молдағали, ТілекешБоғдаРах, Айша, Емберген, Қазанғап сияқты күйшілер түгел орындаған. Ұзақ, Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Еспай сияқты ұлы күйші-композиторларымыз осы дәстүрді жалғастырып, өз А-дерін шығарған. Қазанғап 62 А-нің ең бірінші күйі “Күй шақырғышқа” “сірке қондырып”, яғни мәнерлеп, байытып орындап, Әзірберген хан ұйымдастырған күйшілер сайысында бас жүлдеге ие болған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *