АҚЖАР — Шығыс Қазақстан обл-ның Тарбағатай ауд— ндағы ауыл. Өскемен қ-ның оңт.-батысында 410 км, аудан орталығы Ақсуат а-ның батыс жағына қарай 100 км жерде, Зайсан қазаншұңқырының оңт. беткейінде, Қандысу өз-нің бойында орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Жаңғыз- төбе (302 км). А-дың іргесі 1922 ж. қаланған. 1928 — 97 ж-дары Тарбағатай ауд-ның, “Ақжар” қой кеңшарының орталығы болды. Тұрғыны 8,0 мың адам (1997). А-да орта мектептер, ауруханалар, сан.- эпидемиол. ст., дәріханалар, спорт мектебі, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары ауд. орталығымен және басқа елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.