АҚЖАР — Атырау обл-ндағы Атырау қалалық әкімшілігіне қарайтын кент, Ақсай ауылдық әкімшілік округіне бағынады. Облыс орталығынан 15 км-дей жерде Жайық өз-не жақын, Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жақын т.ж. стансасы — Атырау (15 км жерде). Тұрғыны 2,4 мың адам (1997). Кентте өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. А- да емхана, клуб, мектептер, тұрмыстық қызмет көрсету пункті, т.б. бар. Тұрғындары елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.