АҚЖАН — Шығыс Қазақстан обл-ндағы Қара Ертіс өз-нің Бұқтырма бөгеніне құяр тұста жатқан құмды алқап. Теңіз деңгейінен ең биік жері — 140 м, ауд. 800 км2. Жер бедері ойлы-қырлы келеді, кей жерлерінде сор кездеседі. Құмда шөлге төзімді жусан, боз, т.б. шөптермен бірге бұталар да өседі. Грунт сулары жер бетіне жақын жатыр. А. алқабы қысқы мал жайылымына пайдаланылады.