АҚЖАЛ ПОЛИМЕТАЛЛ КЕНІ

АҚЖАЛ ПОЛИМЕТАЛЛ КЕНІ, Қарағанды обл. Шет ауд-ндағы ендік бағыт бойы- мен созылған Ақжал — Аксораң синклинориінің шығысында орналасқан. Оны 1886 ж. кәсіпкер А.С. Попов ашқан. Жоғарғы девон — төменгі карбон кезеңінің карбонат жыныстарын жарып өткен гранит интрузиялары мен дайкалары оларды мәрмәрға, кварцқа, мүйізтасқа, гранатты скарндарға айналдырған. Кен орнындағы тау жыныстары күрделі тектоник. процестер әсерінен өте қатты қатпарланып, жарықшақтанып, ұнтақталып, әуелгі кейпін өзгерткен. Кентастар қабат, линза, желі, ұя, өркеш сияқты түрлі пішінде кездеседі. Негізгі кентасты минералдар — сульфидтер (сфалерит, галенит, халькопирит, пирит). Олардан мырыш және қорғасын алынады. Қоспа элементтерден алтын, күміс, кадмий, индий, таллий, галлий, селен, теллур бар. Кеннің тотығу белдемінде церуссит, смитсионит, англезит, гидрокарбонатгар кең тараған. Кен денелері тереңге бойлай орналасқан. А. п. к-нің негізінде кеніш және байыту фабрикасы жұмыс істейді. Байытылған кентас концентраттары Ақшатау комбинатына, Өскемен, Шымкент металлургия кәсіпорындарына жіберіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *