АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫ — Батыс Қазақстан обл-ның орт. аймағындағы әкімшілік аудан. 1997 жылға дейін Чапаев ауданы болып аталған. Жерінің аумағы, 25,2 км2. Аудан 1 қалалық, 17 ауылдық әкімш. округке бөлінеді. Тұрғыны 51,5 мың адам (1997). Орталығы — Акжайық а-ы. Аудан Каспий маңы ойпатының солт. бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа темп-расы қаңтарда -13 — 14°С, шілдеде 23 — 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 — 250 мм. А. а жерін Жайық өз. жарып ағады. Шалқар, Әлжансор к-дері бар. А. а-ның жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы, негізінен, қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркекшөп, көкпек, жусан, т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен, қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна, т.б. мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 1,3 адамнан келеді. Ауданда май және нан з-тта— ры, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман ш. кәсіпорны жұмыс істейді. А. ш. жерінің ауд. 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік 14%, шабындық 11%, жайылым 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомоб. жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техуч-ще, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана, т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық газеттер шығады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *