АҚБОЗАТ

“АҚБОЗАТ” — башқұрт халқының батырлық жыры. М. Боранғұлов Башқұртстанның Құйырғазы ауд-ндағы Бабалар а-нда Ғатиатулла Бекхожиннен жазып алған (1917). Башқұрттардың белгілі “Орал батыр” жырының жалғасы. “А.” жырының бас кейіпкері Сәубан (һәубән) Орал батырдың шөбересі. Бабасының тұлпары Ақбозат Сәубанның жан серігіне айналады. Су астының жауыз патшасы Шүлгәннің қолындағы тұтқындар мен қапастағы анасын құтқарғысы келген Сәубан Шүлгәннің дәулері мен диюларына қарсы шайқасқа шығады. Ол өзі бағындырған он екі басты Қаһқаһа деген диюға жартасты қашатып, Ақбозатқа астау соқтырады. Шүлгәнді тасбақаға, Қаһқаһаны жарғанатқа, жалмауыз дәулерді бақа- шаянға айналдырып, тұтқындарды босатады. Басқада ерліктер жасайды. Жырда башқұрт тайпаларының түпкі аталары Қыпшақ, Қытай, Тама (Тамьян), Табын батырлар есімдері аталуы башқұрттардың түркі халықтарымен, әсіресе, қазақтармен туыстығының айғағы іспетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *