АҚБОЗАТ — Темірқазық төңірегіндегі у жұлдызы. Қазақ аңызы бойынша Жетікарақшының Темірқазыққа шылбырмен байланған екі атының бірі. Жарықтығы жағынан Темірқазық (а) пен Көкбозаттан (β) кейінгі 3-орында. Ақбозат — аспанның солт. полюсіндегі жыл бойы батпайтын жұлдыздардың бірі. Қазақ халқы ертеректегі тұрмысында А- ты Темірқазықпен бірге бағыт-бағдар алуға жиі пайдаланған.