АҚБИКЕШ ТАС МҮСІНІ

АҚБИКЕШ ТАС МҮСІНІ — қола дәуірінің ескерткіші. Карағанды обл. Жаңаарқа ауд. Ақтау а-нан солт.-шығысқа қарай 18 км, Ақсай өз-нің шығысында орналасқан. 1978 ж. Орт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі Ж. Құрманкулов) зерттеген. Ұз. 4,4 м, төрт қырлы сынтастың жоғарғы басына адамның бет бейнесін шығысқа қаратып бедерлеп салған. Ол төменнен қарағанда әйелдің бет әлпетіне ұқсайды. Алыстан ағарып көрінетіндіктен халық оны “Ақбикеш” деп кеткен. Шын мәнісінде қалың қасты, үлкен дөңгелекше көзді, қыр мұрынды, үшбұрышты, қысқа шоқша сақалы бар ер кісі бейнеленген. Тастың дәл қай кезде қойылғанын анықтайтын белгілер жоқ. Кісі бейнесінің салыну тәсілі түркі мүсіндеріне ұқсас болғанымен, әдеттегі тас қоршау не оба жоқ. Ол Беғазы-Дәндібай мәдениетінің сынтастарына ұқсас. Онымен қатар солар сияқты тегіс жерге тігінен қадалған. Мүсіннің батыс жағында осы бағытқа созыла салынған ұзын “мұрттары” бар үлкен обаның болуына қарап, мүсінтас қола дәуірінің ерте темір дәуіріне өтер кезеңде, б.з.б. 9 — 7 ғ-да салынған деп есептелінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *