АҚБЕШІМ

АҚБЕШІМ – орта ғасырдағы қала орны. Қырғызстанның Тоқмақ қ-нан 8 км оңт. қарай, Шу алқабында орналасқан. 1950 ж. археолог Л.Р. Қызласов, 1959 ж. П.Н. Кожемяко зерттеген. Қала екі бөліктен түрады. 1-бөлігі (60×60 м) патша сарайы. Ол 8 м биіктікте орналасқан. Шахристаны 400 х 600 м. Қаланы қоршаған қамал бойында 10 мұнара орны байқалады. Үш қақпасы бар. 2-бөлігі 870×900 м қамалмен қоршалған. 1953 — 57 жылдары қаланың негізгі бөліктерінен оңт-ке қарай бір- бірінен 250 м қашықтықта орналасқан екі будда ғибадатханасы (7 ғ. соңы мен 8 ғ. басы) табылды. Қала сырты 11 км болып келген бекініспен қоршалған. Ішінде диаметрі 20 — 30 м, биікт. 2 м үй орындары бар. Қабырғалары саз балшық пен шикі қыштан соғылып, нақышты өрнек, мүсіндермен безендірілген. Зерттеу барысында табылған заттай деректер А. қ-ның 5-12 ғ-лардағы өркениет орталығы бол- ғанын көрсетеді. Ғалымдар орта ғ-дағы араб-парсы деректеріне және археол. материал- дарға сүйене отырып, А. көне заманда болған Суяб қ-ның орны болуы мүмкін деген пікір айтады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *