АҚБЕТ ТАУЫ — Сарыарқаның солт.-шығысындағы Баянауыл тауларының ең биік сілемі. Ол Павлодар обл. Баянауыл ауд-ның жеріне орналаасқан. Ең биік жері — 1026 м. Батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр, ені 5— 7 км. Беткейлері құзды-қиялы, жартасты және жақпар тасты болып, қатты тілімденген. Силур мен девон дәуірінің кристалды гранит, сиенит, порфирит, тақтатас жыныстарынан түзілген. Беткейлерінде қарағай, арша және тобылғы, т.б. бұталар, етегінде қайың, терек, тал өседі. Торайғыр, Жасыбай, Сабындыкөл к-дері А. т-ның баурайында орналасқан. Бұлақтары көп. Табиғаты сұлу.