АҚБЕЙІТ АЛТЫН КЕНІ

АҚБЕЙІТ АЛТЫН КЕНІ, Ақмола обл. Астрахан ауд-нда Жалтыр т. ж. ст-нан шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1933ж.геолог А.К. Комиссаров ашқан. Қорының шектеулігінен онда ірі тау-кен өндірісі ұйымдастырылмаған, кенді, негізінен, жеке артельдер өндіреді. Кен қойнауынан 10 т-дан астам алтын алынған. А. а. к. кварц-желілі кендерге жатады, ол ордовиктің жанартатекті-шөгінді жыныстарының және шток пішінді диорит интрузивтерінің ішінде жатыр. Кен денелерінің ұз. ондаған м-ден 300 — 500 м-ге дейін жетеді, қалыңд. 0,3 — 0,5 м болады. Жер асты қазбалары кварцты желілерді 120 м тереңдікке бойлайды. Алтын, негізінен, микронмен өлшенетін ұнтақ түрде ғана таралған. Ұсақ түйір, жұқа қабыршақ түрінде көзге көрінетін алтын сирек кездеседі. Балансты кентастардағы алтынның орташа мөлш. 32,3 г/т. А. а. к-нде алтыннан басқа пирит, халькопиритарсенопиритсфалерит, галенит, висмут, электрум, таза күміс кездеседі. Олардың кендегі жалпы мөлш. 3 — 5%- ке дейін. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *