АҚБАҚАЙ

АҚБАҚАЙ — Жамбыл обл— ның Мойынқұм ауд-ндағы кент, Мирный әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы Мойынқұм а-нан солт-ке қарай 270 км жерде, Желтаудың оңт.-батыс беткейінде орналасқан. Жақын т. ж. ст. — Қияқты (137 км). Іргесі 1977 ж. алтын кенінің ашылуына байланысты қаланған. Тұрғыны 1,8 мың адам (1997). А-да кеніш, кен байыту ф-касы жұмыс істейді, дәрігерлік пункт, орта мектеп бар. Тұрғындары аудан орталығымен, елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *