АҚБАС ҮЙРЕК

АҚБАС ҮЙРЕК (Оxyura leuoephala) — қаз тәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су құсы. Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қызылорда, Жамбыл обл- тары жерлеріндегі су қойма ларын, қалың шөп өскен айдын көлдер мен өзен жағаларын мекендейді. Қанатының ұз. 15 — 17 см, салм. 500 — 900 г. Қоразы — қара сұр түсті, басы ақ, мойны мен төбесі қара, тұмсығы көгілдір. Мекиенінің басы қоңыр, көзінің жоғары жағында ақ жолағы бар. Басқа үйректерден айырмашылығы — жүзіп жүргенде құйрығын тік ұстайды, жақсы сүңгиді, құрғақта жүре алмайды. Ұясын су бетіне, қамыс- қоға арасына салады. Басқа үйректердің ұяларын да пайдалана береді. Мекиені 6 —10 ірі (салм. 80 — 100 г) жұмыртқа басады. Шілде — тамызда балапандарын ұшырады. Су өсімдіктерімен және су жәндіктерімен қоректенеді. А. ү. — жыл құсы. Қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Пәкстан, Иран, Түркия жерлерінде қыстайды. Сәуір — мамыр айларында қайта оралады. А. ү. тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Санының жыл- дан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *