АҚБАНТАЙ БАТЫР (шамамен 1691 — 1780) — қазақ-қалмақ соғысына қатысқан аға батыр. «Ер Қабанбай» жырының бірнеше нұсқасында Қабанбай батырдың жақын досы ретінде аталады (қ. Қаракерей Қабанбай). Хан жарлығы жетісімен бура руынан жиналған 10 мың жасақпен қалмаққа қарсы өз бетінше жорыққа аттана беретін болған. А-ды халық көзсіз ер, аңғал, салқам батыр бейнесінде есте қалдырған. Әбілмәмбет, Абылай хандармен, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен бірге 1743 — 50 ж. болған Шорға, Қандысу, Айдынсу, Алқабек, Білезік шайқастарына қатысқан.