АҚАУ ТАБУ

АҚАУ ТАБУ, дефектоск о п и я (лат. defetus — жетімсіздік және грек. skореo — көремін, бақылаймын, қараймын) — материалдар мен бұйымдарды бүлдірмей олардың ақауын бақылауға арналған әдістер жиынтығы. А. т. әдістерінің негізіне рентген, инфрақызыл, ультра- күлгін және гамма-сәулелері, радио жөне ультрадыбыс толқындары, сондай-ақ магнит және электр статикалық өрістер, т.б. әсер еткен материалдар мен бұйымдардың физ. қасиеттерін зерттеу алынған. Осыған сәйкес А. т.: рентгендік А. т., инфрақызылдық А. т., ультракүлгіндік А. т., гаммалық А. т., радиолық А. т., магниттік А. т., электр статикалық А. т., т.б. болып ажыратылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *