АҚАНБАРАҚ — Солт. Қазақстан обл-ның Сергеев ауд-ндағы ауыл. Ол аудан орта- лығы — Сергеев қ-ның солтүстігінде 5 км жерде, Есіл өз- нің сол жағалауында, қара топырақты дала белдемінде орналасқан. 1955 жылға дейін ұжымшар орталығы, одан кейін “Марьевский” астық кеңшары бөлімшесінің орталығы болды. Тұрғыны 1,2 мыңға жуық (1997). 8 жылдық мектеп бар. Кеңшар негізінде мұнда шаруа (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған. Тұрғындар облыс, аудан орталықтарымен және елді мекендермен автомоб. жолы арқылы қатынасады.