АҚАБА СУЛАР — тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар. Ол тұрмыстық (мыс.,аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден, т.б. шығарылған сулар), өндірістік (мыс., кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған, т.б. сулар) және а т мосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген, т.б. сулар) болып бөлінеді. Қоршаған табиғи ортаны ластайтын болғандықтан, мұндай суларды дер кезінде тазарту қажет. А. с-ды тазарту м е — ханикалық (судағы тез тұнатын немесе су бетіне қалқып шығатын заттарды тех. құралдармен арылту, ол үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен органик. заттарды суда жақсы еритін минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық (ақаба суды ластағыш заттардан коагуляттау, адсорбтау және хлорлау арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады.