АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛ — акционерлік қоғамның (АК) негізгі капиталы. Оған: жарғылық капитал (оның мөлшері қоғамның жарғысында жазылады); жазылу капиталы (ак— ционерлік қоғам мүшелігіне жазылу жарияланып, сол арқылы жиналады); төленген капитал (акционерлік қоғамға жазылу кезінде түскен қаражаттан құралады) енеді. Әдетте акционерлік қоғам құрылтайшылары компания активінің құнынан асып түсетін көлемдегі сомаға акция шығарады. Артық түскен сома құрылтайшылар пайдасы деп аталып, компанияның қосымша пайдасын құрайды. А. к. жыл сайын таза пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру арқылы, жаңадан акциялар шығару және оны сату есебінен өсіп отырады. Қазақстанда акционерлік қоғамдар мемл. кәсіпорындар негізінде құрылғандықтан сол кәсіпорын мүлкінің құны қоғамның А. к-ының құны болып есептелді. Осы сома жарғылық капитал болып есептеліп, сол сомаға акциялар шығарылды.