АКЦИОНЕРЛІК БАНК — акционерлік қоғам түрінде құрылған банк. А. б. өз қара- жатын акциялар мен облигациялар шығару, ақшалай қаражаттарды топтастыру және өз пайдасы есебінен жинайды. Ашық және жабық үлгісі болады. Ашық үлгідегі А. б. ак— циялары банкінің құрылтайшысы болмаған акционерлерге де сатылады. Жабық үлгідегі А. б. акциялары тек құрылтайшылар арасында таратылады, ашық саудаға түспейді. Қазақстандағы 762- деңгейдегі банкінің 68-і акционерлік банк. Оның 48-і ашық, 30-ы жабық акционерлік қоғам түрінде жұмыс істейді (1998).