АКЦИОНЕР

АКЦИОНЕР — акция иесі. Ол акционерлік қоғамға айналған белгілі бір кәсіпорынның мүлкіне ортақтаса алады. Қолында атаулы акциялары бар А-лер “бір акция бір дауыс” деген принциппен акционерлік қоғам істерін басқаруға қатысуға құқылы. Пайдалы акция иелері белгілі бір процент көлемінде қолында жай акциялары барлардан бұрын таза пайданың көлеміне қарамай өз дивидендін алады. Ал жай акция иелері таза пайданы бөлген кезде ғана өз дивидендін алады. А. болу үшін акционерлік қоғамда қызмет істеу шарт емес, тек оның акциясын сатып алса жеткілікті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *