АКЦЕНТ (лат. accentys, нем. akzent — екпін), тіл білімінде — 1) екпін; 2) өзге тілде сөйлеушінің ауызекі сөзіндегі ерекшелік; 3) екпін түсетін дыбысты көрсететін таңба. Музыкада — А.музыкалық шығарманың жеке дыбыстарына, аккордына ерекше екпін, күш беріп, даралап ойнау (А. белгісі: >, у, sf, т.б.). А. дыбысты ырғақтық жағынан ұзарту, тембрін өзгерту, гармониялық алмасу, т.б. арқылы да жүзеге асады.