АКТИНОМЕТРИЯ [грек. аktic (аkti6nos) — сәуле жөне metreo — өлшеймін] — геофизиканың жер атмосферасындағы, гидросферадағы Күн, ауа және Жер сәулесінің тасымалдануы мен түрленуін зерттейтін саласы; А. м е теорологияда, тар мағынада — Жер радиациясын өлшеу тәсілдерінің жиынтығы. Қазақстанда А. саласынан зерттеулер 1941 жылдан басталды. Л.В. Гулъницкийдің жетекшілігімен біріктірілген А-лық шкаланы құру мәселесі зерттелді, радиация қарқындылығын өлшеу тәсілдерінің абсолют теориясы дамытылды, осының негізінде абсолют А-лық құралдар жасалды. Республикада А. саласынан ғыл.-зерт. жұмыстарына А. Алпысбаева, Л.Ф. Иль— ина, Ж.А. Оралбаев, А.И. Перевертун, Я.А. Фишер, т.б. елеулі үлес қосты.