АКТИНОЛИТ

АКТИНОЛИТ (грек. Аktis — сәуле және lithos — тас) — силикаттар класының амфиболдар тобына жататын минерал. Хим. формуласы: Са2(МgҒе)54О11]2-(ОН)2. Агрегатының шоқ сәулеше тарамдалған бейнесіне байланысты осылай аталған. Кристалдары моноклиндтік сингонияда, ұзын призма, ине тәрізді болып түзіледі. Түсі жасыл, шыныдай жылтыр, қатт. 5,5— 6,0, меншікті салм. 3,1— 3,3 г/см3. Құрылымына қарай нефрит, биссолитамиант (амфиболды асбест), смарагдит сияқты түрлерге бөлінеді. А., негізінен, кристалды тақтатастар арасында кездеседі. Ол амфибол асбестің басты құрамдас бөлігі болып саналады. Одан отқа және қышқылға төзімді материалдар жасалады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *