АКТИНОИДТАР, актинийліктер — элементтердің периодтық жүйесінің VII қатарында, актинийден кейін орналасқан, рет нөмірлері 90-нан 103-ке дейінгі 14 элемент. Оған: торий (Тһ), протактиний (Ра), уран (II), нептуний (Nр), плутоний (Рu), америций (Am), кюрий (Сm), берклий (Вk), калифорний (Сf), эйнштейний (Еs), фермий (Fm), менделевий (Md), нобелий (No) және лоуренций (Lr) жатады. А-дің электрондық құрылысы мен хим. қасиеттері ұқсас келеді. Олардың барлық изотоптары радиоактивті. Торий, протактиний, уран ғана табиғи түрінде алынған, қалғандары қолдан жасалған. Жер қыртысында торий (1 ⸱10 3%), уран (4⸱10-4%) және протактиний (7⸱10-11%) аз да болса кездеседі. Уран және плутоний изотоптары: 233U, 235U, 239Pu атом бомбаларында қопарылғыш зат және ядр. реакторларда отын ретінде қолданылады. Ураннан кейін ор- наласқан А. трансуран элементтерге жатады.