АКТИНИЙ

АКТИНИЙ (Асtinium), Ас – элементтердің периодтық жүйесінің III тобындағы радиоактивті элемент; рет нөмірі — 89, атом. салм. — 227. 1899 ж. француз химигі А. Де- бьерн ашқан. А.-дің жер қыртысындағы мөлш.—6-10°%. А. күмістей ақ түсті металл, балқу t 1050°+50°С, өте әрекеттескіш; ауада тез тотығады, тұз және азот қышқылдарында ериді. А. хим. қосылыстарда 3 валентті болып келеді. Қосылыстарының (гидроксиді, фториды, оксалаты, фосфаты, карбонаты, фторсиликаты) көпшілігі ерімейді. А. галогенидтері ауада ұшқыр келеді, негіздік қасиеті лантаннан да күшті. А. оксиді оның гидроксидін немесе оксалатын 1100°С-та қыздырыш-күйдіру арқылы алынады. Оның галогенидтері фторлы сутекке, төрт хлорлы көміртекке, бромды алюминийге А. оксидінің, құрғақ гидроксидінің немесе оксалатының әсері нәтижесінде түзіледі. А. тұздары ақ түсті, ертінділері түссіз келеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *