АКТИВТІ ҚАТАР, х и м и я да — металдардың электролиттік ерітінділерінің элек- тродтық потенциалының өсу реті бойынша орналасу тәртібі. Оны “ығыстыру қатары” деген атпен 1865 ж. орыс ғалымы Н.Н. Бекетов (1827 — 1911) мынадай жүйемен ұсынды: Lі, К, Са, Na, Мg, А1, Мn, Zn, Сr, Ғе, Сd, Ni, Sn, Рb, Н, Сu, Нg, Аg, Рt, Аu. Бұл қатарда металдардың электрон беру, яғни тотықсыздандырғыш қасиеті солдан оңға қарай кемиді. Басқаша айтқанда, әр металл өзінен кейінгілерін тұздар ерітіндісінен ығыстырып шығарады. Салыстыру үшін қатарға сутек те орналасқан. А. қ-да сутекке дейін ор- наласқан металдар сутекті қышқылдардан ығыстыра алады. Сутектен кейін тұрған мыс, сынап, күміс, платина және алтын қышқыл ерітінділерімен әрекеттеспейді, өйткені сутекті ығыстыра алмайды. А. қ-ға сүйеніп, металл, тұз және қышқыл ерітінділерінің арасындағы реакциялардың жүру мүмкіндігін алдын ала болжауға болады. А. қ. заңдылығы металды бос күйінде бөліп алуға және оны коррозиядан қорғауға мүмкіндік береді.