АКТИВ

АКТИВ, активтер (латАсtivus) — 1)заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері. А-терді әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты материалдық А. (жабдықтар, құрылыстар, қарыз міндеттемелері) және материалдық емес А. ( патенттер, ақыл-ой еңбегінің нәтижесі, сауда маркілері, мәртебе, атақ жеңілдік, басқа кәсіпорындардың несие міндеттемелері, ресурстарды пайдалануға ерекше құқық, т.б.) болып бөлінеді. Пайдалану дәрежесіне (айналымдағы, айналымнан тыс, күдікті, нәтижесіз, т.б.) өтімділігіне сәйкес (өтімді, өтімсіз), тозу деңгейіне, қызметтегі мерзіміне, не болмаса басқа иелікке беруіне (жалға, меншікке, т.б.) байланысты да өзгешеліктері болуы мүмкін; 2) бухгалгерлік баланстың екі жағының бірі. Онда барлық бағалы заттардың (құрал-жабдықтардың, тауарлардың, қаржының, т.б.) түрлері, олардың орналасуы мен пайдалануы көрсетіліп, ша- руашылықтағы атқаратын қызметіне қарай топтастырылады; 3) табыстың шығыннан артқан бөлігі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *